Мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Тұрлыбек Забира Тұрапбайқызы 1962 жылы 17 маусымда Қазығұрт ауданы Жұмысшы елді мекенінде туылды. 1979 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін бітіріп, осы жылы Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетіне оқуға түсіп , аталған оқу орнын 1983 жылы бітіріп шыққан. Осы жылы өзі білім алған Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне, математика пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, 39 жылдан бері бір орында тапжылмай жұмыс атқаруда
Мектепте қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан жас маман аудандық «Үздік сынып жетекші — 1988» байқауына қатысып І орынды жеңіп алып, аудандық білім бөлімінің грамотасымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. Осы мектепте ұзақ жылдар еңбек еткен әкесі Тұрлыбеков Тұрапбай атында 2001 жылы атаулы математика кабинетін ашып , осы кабинет аудандық, облыстық кабинет байқауларының жүлдегері болды
Аудандық мұғалімдер олимпиадасына бірнеше мәрте қатысып жүлделі орындарға ие болды, оқушылары аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орындар алды. 2011 жылы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2014 жылдан осы уақытқа дейін мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Қызмет атқарған жылдар ішінде оқушылары біршама жетістіктерге жетті. Оқушысы Тілемисова Айгерім 150 Абай өлеңдерін жатқа айтып, республика бойынша байқауда жүлделі І орын иеленді. 2015 жылы және 2016 жылдары оқушысы Керімберді Назира химия пәнінен облыстық пәндер олимпиадасында екі жыл қатарынан І орын алып, республикалық пәндер олимпиадасына қатысты
Бірнеше оқушылары облыстық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.
Аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының және аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың «Алғыс хатымен» марапатталған.